5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күніне орай, қазақтың біртуар перзенті, ұлы ақын, ғұлама ойшыл А. Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған жалпықазақстандық ашық диктант өтті. Осыған орай, КММ “Ивановка орта мектебінде” Ұлы Абай туралы қызықты 10 дерек» тақырыбында мектеп оқушылары,ұстаздары танымдық диктант жазды. Оқушылар Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығынан қызықты деректермен танысып, өз білімдерін кеңейтті және оның мол мұрасының бүгінгі жас ұрпақ үшін маңыздылығын түсінді. Мұндай іс-шаралар балалардың сауаттылығын арттырып қана қоймай, халықтың рухани құндылықтарына құрмет сезімін қалыптастырады.
5 сентября – в честь Дня языков народа Казахстана прошёл республиканский открытый диктант, посвящённый 180-летию со дня рождения выдающегося сына казахского народа, великого поэта и мыслителя Абая Кунанбаева. В связи с этим в КГУ «Ивановская средняя школа» прошёл познавательный диктант на тему «Ұлы Абай туралы қызықты 10 дерек».Ученики познакомились с удивительными фактами из жизни и творчества Абая Кунанбаева, расширили кругозор и ещё раз убедились в значимости его наследия для современной молодёжи. Такие занятия помогают не только развивать грамотность, но и воспитывать уважение к духовным ценностям народа.#Абай #ҰлыАбай #біртұстастәрбие #алал_азамат#ИвановскаяСШ


